Дін қызметкері Иаков Воронцов 10 күнге қамалды

Дін қызметкері Иаков Воронцов 10 күнге қамалды. Бұл туралы адвокат Ғалым Нұрпейісов мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Жаңа ғана әкімшілік сот болды. Оған әкімшілік іс бойынша 10 тәулік берді. Тағылған айыппен келіспеді. Шешімге шағым түсіремін. Қазір сот қаулысын күтіп отырмын», — деді адвокат Ғалым Нұрпейісов.

Азаттық радиосының жазуыншы, Воронцовтың үстінен 440-1 бап бойынша ("Есірткі, психтропты және соған ұқсас заттарды медициналық емес мақсатта пайдалану") әкімшілік хаттама толтырылған.

Бұған дейін Иаков Воронцовтың Алматыда ұсталып, кейін полицияға жеткізілгені белгілі болды.

Иаков Воронцов Адвокат Есірткі Қылмыс
Бүгін, 13:30 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 19:34 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 18:42 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 17:35 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар