Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы қайтыс болды

Қазақ КСР Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы, белгілі қазақстандық ғалым-биолог Раузa Қонаева 92 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Раузa Қонаеваның қайтыс болғаны туралы Д.А. Қонаев атындағы халықаралық қорхабарлады. Раузa Қонаева 1934 жылғы 10 сәуірде Алматы облысы Шелек ауылында дүниеге келген. Отбасындағы 11-баланың кенжесі болған.

1952 жылы ол Мәскеу мемлекеттік университетінің биология-топырақтану факультетіне оқуға түсіп, 1956 жылы тәмамдады. Ғұмырының басым бөлігін Қазақстан Ғылым академиясында өткізді. Алдымен биохимия институтында, кейін молекулалық биология және биохимия институтында еңбек етті.

Қор мәліметінше, оның ғылыми еңбектері Қазақстаннан тыс елдерге де кеңінен танылған. Раузa Қонаева белгілі құқықтанушы Мұрат Баймахановтың жары болды. Олардың қызы Дана Баймаханова — заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры.

Қонаев қарындас туысы қаза тапты

Тақырыпқа жаңалықтар