Дубайдан қазақстандық қылмыскер экстрадицияланды

Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері заңсыз мұнай айналымы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады.

"Күдікті коммерциялық ұйымның бас директоры бола тұра, 2022-2023 жылдары Ақтөбе облысында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жалпы сомасы 300 миллион теңгеден астам аса ірі мөлшердегі мұнайды заңсыз өткізу бойынша әрекеттер жасаған. Қылмыс жасағаннан кейін қаскүнем жасырынып, ол халықаралық іздеуге жарияланған", - делінген хабарламада.

2024 жылы іздеудегі адам Дубайда анықталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша ол жерден Қазақстанға экстрадицияланды.

Дубай Қылмыскер қаражат Мұнай
4 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
4 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
4 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар