Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бүгін антициклон салдарынан еліміздің басым бөлігінде күн ашық, жылы болады, деп хабарлайды Arbat.media.

Республикамыздың шығысында атмосфералық фронталды бөлімдер әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауса, батысына бұршақ түсуі мүмкін. Ел бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Түнде Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының солтүстігі мен шығысында 1 градус үсік жүруі ықтимал.

Астанада күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз +20+22°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

Алматыда күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз +28+30°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз +33+35°C, желдің жылдамдығы 6-11 м/с.

Ауа райы дүйсенбі бүгін

Тақырыпқа жаңалықтар