Джон Кирби: "Крокус Сити Холлдағы" лаңкестікте «украин ізі» мәлімдемесі — бос сөз
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар үйлестірушісі Джон Кирбидің айтуынша, Мәскеудің "Крокус Сити Холлдағы" лаңкестік әрекеттегі «украиндық із» туралы мәлімдемелері — мағынасыз насихат, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ақ үй өкілі АҚШ-тың Ресей барлау қызметтерін экстремистердің Мәскеуде алда болатын шабуылы туралы ескерткенін тағы да растады. Оның айтуынша, лаңкестік әрекетке жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» мойнына алады, ал Ресей билігінің Украинаның оған қатысы бар деген айыптары «бос сөз».
"Менің туысқан ағам ең жақсы көң (малдың қиы - ред.) сатушылар сынамаларын аузына алып жүретінін айтты. Ресей шенеуніктері көңді жақсы сататын көрінеді", - делі Джн Кирби.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: