Қазақстан жаңалықтары11 шілде 2024, 9:12

Эквадорлықтар қазақтың ұлттық ойынына қызығып жүр

Тоғызқұмалақ ойынын Эквадорда сүйіп ойнайтын азаматтар бар. Кейінгі бір жылда халық өз еркімен үйірме ашып, қазақтың ойынын дә­ріп­теп жүр. Хуан Карлос тоғызқұмалаққа қы­зық­қаны сонша, арнайы тақтасы болмаса да, ойнаудың амалын тапқан.  - деп хабарлайды Arbat.media.

«Өз тақтам болмаған соң, жапонның го ойынының тастарын алдым да, ойын карталарын отау етіп тізіп қойдым. Ал ақ тастарды тұздықты белгілеу үшін қол­данамын. Бір жағына қызыл карталарды, екінші жағына қара карталарды қойып, кімнің бастаушы, кімнің қостаушы екенін де шешуге болады», дейді ол.

Бұл елге то­ғызқұмалақты әкелген – колумбиялық Хер­ман Гонзалес есімді азамат.

Олар ойынымызды Эквадордағы жалпыхалықтық ойын еткісі келеді екен.

Талабымыз да, талантымыз да бар, тақтамыз жоқ дейді.

тоғызқұмалақ Хуан Карлос насихат Эквадорлықтар

Тақырыпқа жаңалықтар