Қазақстан жаңалықтары30 қараша 2025, 9:26

Елге заңсыз оқ кіргізген қызға 1 жыл 6 ай шектеу жазасы тағайындалды

Сот шешімі бойынша студент ҚР ҚК 286-бабының 1-бөлігі және 287-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оған екі бап бойынша бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды:

• 286-бап бойынша - 1 жыл 6 ай,

• 287-бап бойынша - 1 жыл.

Сот үкіміне сәйкес, түпкілікті жаза 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу болып бекітілді.

Биыл маусым айына дейін заңсыз қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды иемдену, сақтау және тасымалдау бойынша 322 адам жауапқа тартылған. Оның ішінде 100-ден астамына айыппұл салынса, 114 адам бас бостандығынан шектелген, ал шамамен 20 адам бас бостандығынан айырылған.

сот шешім полиция Заң
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар