Елімізде әскерге шақыру ережелеріне өзгерістер енгізілмек
Елімізде әскерге шақыру ережелеріне өзгерістер енгізілмек, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қорғаныс министрлігі жаңа қағидаларды бекітті. Оған сәйкес, енді әскерге шақырылушының нөміріне SMS-хабарлама жіберіледі. Бұл дәстүрлі әскери комиссариаттан жіберілген қағазбен теңестірілмек. Сондай-ақ қазақстандықтар әскерге шақыруды eGov порталы арқылы кейінге қалдыра алады.
Жаңа ережелер әлі күшіне енген жоқ. Қаулы жобасын қазақстандықтар 2025 жылдың 9 қыркүйегіне дейін талқылай алады.
Қаулы жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: