Қазақстан жаңалықтары3 желтоқсан 2025, 10:49

Елімізде ең күрделі оталардың бірі тегін жасалуы мүмкін

Омыртқаны имплантқа ауыстыру отасы тегін жасалуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ең күрделі оталардың бірі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылмақ. Бұл туралы Ұлттық нейрохирургия орталығының өкілдері мәлімдеді. Статистикаға сәйкес, республика бойынша 100-ден астам науқас осындай медициналық көмекке мұқтаж.

Қазақстанда мұндай бірегей операция 2019 жылдан бері жасалып келеді. Омыртқаның орнына титан имплант салдырған төрт науқастан ешқандай шағым түспеген. Мамандардың айтуынша, жаңа әдіс әлі дүниежүзінде қолданылмаған.

Отандық мамандардың бұл әдісі халықаралық конгрестерде жоғары бағаланып үлгерді.

Ота науқас Аурухана күтім
16 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 12:36 Қазақстан жаңалықтары
16 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
16 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар