Елімізде карточкаға аударым бойынша салық салу ережелері өзгеруі мүмкін
Елімізде карточкаға аударым бойынша салық салу ережелері өзгеруі мүмкін. ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов республикадағы жеке кәсіпкерлердің басым бөлігі кірістерін жасырып жүргенін айтты. 2023 жылдың соңында олардың 70 пайызға жуығы болған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Біржанов бизнесмендердің банк карталары арқылы бүкіл тауар айналымынан асатын қыруар ақшаның өтетінін атап өтті.
Республикада тіркелген 1,4 миллион кәсіпкердің 944 мыңы бірінші жартыжылдықта табыс көрсетпеді, бұл жалпы санның 67 пайызын құрайды.
Ұлттық банк соңғы бір жылда банк карталары арқылы 55 триллион теңгенің транзакциялары жасалғанын, жеке тұлғаларға немесе жеке кәсіпкерлерге аударымдар 80 триллион теңгені құрағанын хабарлады.
Осыған байланысты Қазақстанда мобильді аударымдарға салық салу шарттарын қайта қарауға болады.