Елімізде соңғы үш жылда 645 медициналық нысан пайдалануға берілді
Елімізде соңғы үш жылда 645 медициналық нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 655 нысанның 654-нің құрылысы аяқталды. Нәтижесінде 170 мыңнан астам тұрғын медициналық қызметке қол жеткізді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары-Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.
Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, жыл соңына дейін тағы 10 медициналық нысанның құрылысы аяқталады. Бүгінде 32 аудандық аурухана көпсалалы орталық аурухана деңгейіне дейін жаңғыртылған.
Аида Балаеваның айтуынша, жаңа инфрақұрылыммен қатар білікті мамандарды тарту да маңызды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: