Еліміздегі бір өңірде қар жауды

Қостанайда қатты дауыл соғып, қар жауды, деп хабарлайды Arbat.media. 

Желдің екпіні ғимараттардың қасбеті мен шатырын жұлып әкеткен. Мамандардың айтуынша, кейбір жерде желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жеткен. Қатты дауыл салдарынан ағаштар көше бойында құлап, көліктерге зақым келтірген. Қаланың екі ауданында бірнеше үйде жарық сөнді.

Ал Қамысты және Сарыкөл аудандарында бұршақ аралас қар жауды. Қостанай-Лисаков бағытында құмды дауыл көтерілді. Салдарынан Федоров тас жолында ауыр жүк көлігі аударылып қалған. Зардап шеккендер жоқ.

Қала әкімдігі келтірілген шығын көлемін есептеп жатыр.

Қар Қостанай жауды

Тақырыпқа жаңалықтар