Мейрамханадан өрт шығып, 22 адам тірідей жанып кетті
Мейрамханадан алапат өрт шықты. 22 адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Arbat.media POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.
Қытайда мейрамханада өрт шығып, 22 адам қаза тапты. Тағы үшеуі жарақат алды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады. Оқиға Қытайдың солтүстік-шығысындағы Ляоян қаласында болған.
Қайғылы жағдай бүгін, 29 сәуір күні сағат 12:25-те болған. Өрт сөндірушілер өртті 14:00-де ауыздықтады. Алайда ішіндегі адамдарды аман сақтап қалуға мүмкіндік болмады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: