Еліміздің 8 өңірінде үсік жүреді
Фото: Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары19 қыркүйек 2024, 7:33

Еліміздің 8 өңірінде үсік жүреді

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 19 қыркүейекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. Кең антициклон ҚР көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді деп күтіледі. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста таулы аймақтарда түнде және таңертең тұман түседі, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында 1-6 градус үсік жүреді», - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазгидромет үсік жүреді

Тақырыпқа жаңалықтар