Қазақстан жаңалықтары6 желтоқсан 2023, 3:58

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады

Циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен 6 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады, қар аралас жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміз бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады.

Абай облысының солтүстігінде, батысында және орталығында күшті жел тұрады, екпіні – 30 м/с.

қар жауады ауа рпайы Қазгидроет

Тақырыпқа жаңалықтар