Еңбек күніне орай жастар арасында 200-ден астам іс-шара өткізілді
Еңбек күні аясында Қазақстанда 200-ден астам іс-шара өтті. Атап айтқанда жастардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, экологиялық іс-шаралар, кәсіптік бағдар беру кездесулері, «Адал азамат – адал еңбек» диалог алаңдары сияқты шаралар ұйымдастырылған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Әсіресе, еңбек адамдарын кеңінен насихаттауға баса назар аударылды. Осы мақсатта Абай ауданында «Еңбекші жастар – 2024» және Қарағанды облысында «Шебердің қолы алтын» атты фестивальдер өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, бірқатар өңірлерде «Жасыл ел» жасақтарының сарбаздары жұмыс маусымын салтанатты түрде қорытындылады. Еңбек күніне арналған іс-шараларға барлығы 2 мыңнан астам жас тартылды.