Енді елімізде ажырасқандарға да салық салынуы мүмкін

Дептутат ажырасқан қазақстандықтарға қосымша салық салуды ұсынды, деп хабарлайды Arbat.media KURSIV.MEDIA.KZ сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров ажырасулар санын азайту үшін бірқатар шара ұсынды. Оның айтуынша, 2023 жылы тіркелген 120,8 мың некенің 40,2 мыңы ажырасумен аяқталған.

Назаров ажырасу үшін мемлекеттік баж салығын көтеруді және ресми түрде ажырасқандарға табыс салығын көбейтуді ұсынды. Сондай-ақ, несиеге той жасаудың алдын алу үшін ақпараттық науқан өткізуді ұсынды.

Ол бұл іске қоғам қайраткерлерін, дін өкілдерін, БАҚ пен блогерлерді тарту қажет екенін айтты.

Ажырасу ел салық сот

Тақырыпқа жаңалықтар