Енді психоэмоционалды ауытқуы бар жастар әскерге шақырылмайды

Енді психоэмоционалды ауытқуы бар жастар әскерге шақырылмайды, деп хабарлайды Arbat.Media.

2025 жылғы көктемгі шақыру кезінде сыналған PSY-тәуекел әдістемесі бойынша әскерге шақырылушылар бастапқы скринингтен, терең психологиялық тексеруден, қажет болса – психиатриялық сараптамадан өтеді.

Соның нәтижесінде 470-тен астам жас қызметтен босатылған немесе қосымша тексеруге жіберілген.

Мақсат – психологиялық тұрғыда қызметке дайын емес азаматтарды іріктеп шығару. Жаңа жоба барлық өңірде кезең-кезеңімен енгізіледі.

Әскер Сарбаз шақыру сот
5 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
5 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
5 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар