Қазақстан жаңалықтары31 мамыр 2025, 13:48

“Енесін өлтірген келін”: Тың деректер

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жасқайрат ауылында 1942 жылы туған әйелдің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Полиция мәліметінше, күдікті ретінде 1986 жылы туған азаматша ұсталған, оның көпбалалы екені белгілі болды. Оқиға болған уақытта күйеуі де үй маңында болған.

Ауыр пышақ жарақатынан кейуана қаза тапты.

Атырау облыстық Полиция департаменті қазіргі уақытта жан-жақты тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Әлеуметтік желіде сол ауылдың тұрғындары келіні қара никаб кигені туралы айтады.

 

ене келін Атырау Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар