Қазақстан жаңалықтары6 қараша 2023, 16:36

Ерлан Қарин: 45 әкім лауазымына 125 үміткер таласты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Қарин Ерлан Қазақстанда тұңғыш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері сайланғанын жариялады , - деп хабарлайды Arbat.media.

Өздеріңізге мәлім, ауыл әкімдерін сайлау 2 жылдан бері өткізіліп келеді (содан бері 1700-ге жуық әкім сайланды), - деді Ерлан Қарин. 

Аудан әкімдерінің сайлауы қоғамда зор қызығушылық туғызды. 45 әкім лауазымына 125 үміткер таласты. Олардың қатарында түрлі саланың өкілдері – экономистер, заңгерлер, оқытушылар, инженерлер, ауыл шаруашылығы және басқа да сала мамандары болды.

7 саяси партияның бәрі аудан әкімдерінің сайлауында өз үміткерлерін ұсынды. 1 497 сайлау учаскесінде кандидаттар сенім білдірген тұлғалар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, барлығы 8500-ге жуық адам байқау жүргізді.

Өткен сайлау - Орталық Азия аймағындағы алғашқы осындай саяси тәжіриебе. Осылайша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары өңірдегі саяси жаңғырту ісінің жаңа бағдарын айқындауда, - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Қарин Ерлан.

Ерлан Қарин ауыл әкімдерін сайлау саяси партия саяси реформа

Тақырыпқа жаңалықтар