Қазақстан жаңалықтары12 желтоқсан 2023, 10:00

Ет пен сүт өнімдерін көп тұтынатын өңірлер

Елімізде халық ет және сүт өнімдерін көп тұтына бастапты, - деп хабарлайды Arbat.media.

2023 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша жан басына шаққандағы азық-түлік тұтыну бюллетені шықты. 

Бұрынғы кезеңдердегідей үй шаруашылығының тұтыну шығындарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстың ең көп үлесі ет пен ет өнімдеріне – 17%, нан мен жарма өнімдеріне – 7,8%, сүт өнімдеріне 5,4% тиесілі, - дейді Ұлттық статистика бюросы.

Ет және ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары көрсеткіші Жетісу, Атырау, Ақмола облыстарында, ал ең төмені Шымкент қаласында байқалды.

Өңірлер бөлінісінде нан мен жарма өнімдерін Түркістан облысының тұрғындары көбірек тұтынады – жан басына шаққанда 44,1 кг (тоқсанына), ең азы – елорда тұрғындарында, жан басына шаққанда 23,6 кг.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2023 жылдың ІІІ тоқсанында қазақстандықтар ет және ет өнімдерін – 0,7келіге, сүт және сүт өнімдерін 1,2 келіге көбірек тұтынған.

Статистика ет өнімдері сүт өнімдері халық

Тақырыпқа жаңалықтар