ФЕЙК: Қазақстан ажырасу жиілігі бойынша 2-орында
Қазақстан ажырасу жиілігі бойынша 2-орында делінген ақпарат жалған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. «Қазақстан ажырасу жиілігі бойынша 4,6 коэффициентпен Мальдивтан кейінгі екінші орында тұр», - делінген ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Жалған ақпараттың басты дереккөзі - worldpopulationreview.com сайтындағы мақала. 2022 жылдың қорытындысында ажырасу коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 2,27-ні құрады. 2020 және 2021 жылдармен (тиісінше 2,56 және 2,54) салыстырғанда коэффициенттің төмендеуі байқалады. 2023 жылдың қорытынды деректері сәуір айының соңында жарияланады», - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Ұлттық статистика бюросы мақала авторына әлемдік ресурста қате деректің таралғаны туралы хат жіберген.
Сонымен қатар бюро ресми дереккөздерге сүйенуді, таратылған деректерді қайтадан тексеріп алуды өтінеді.