ІІМ: Жол апаттарының 90 пайызы жүргізушілердің қателігінен болады
Жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығу, қызыл жарыққа өту, жаяу жүргіншілерге жол бермеу, көлік жүргізу кезінде телефонға қарау – жол апатының басты себептері болып отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Елде жыл басынан бері шамамен 3 млн-ға жуық құқықбұзушылық тіркелген. Оның 80%-ға жуығы автоматты тіркеу жүйелері арқылы анықталған.
Ең көп ереже бұзу Алматы, Астана, Шымкент және Алматы мен Түркістан облыстарында тіркелген.
Былтыр елде 6 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болып, 300-ден астам адам қаза тапты. Тағы 8 мыңнан астамы жарақат алды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: