Instagram желісінде бағалы заттарды ұтысқа салған аккаунт иесіне әкімшілік іс қозғалуы мүмкін
Instagram желісінде бағалы заттарды ұтысқа салған аккаунт иесіне әкімшілік іс қозғалуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.
Instagram әлеуметтік желісіндегі «Zhanabylov_e» және «elt6i» аккаунттарында бағалы сыйлықтарды ұтысқа салған аккаунт иесіне Туризм және спорт министрлігі жанындағы Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитеті хабарлама жіберді.
Хабарламада лотерея ойнатқан азаматтан түсініктеме беруі сұралған. Оның нәтижесі бойынша әкімшілік іс қозғау мәселесі қаралатын болады.
Айта кету керек, жоғарыда көрсетілген блогерлер ұйымдастырған лотерея ойынының лотерея қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру жөнінде С. есімді азаматтан өтініш түскен.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: