Кәріз құбырына жаңа туған сәбиін ағызып жіберген әйел туралы тың дерек шықты

Астана полициясы атышулы қонақүй маңындағы кәріз құбырынан өлі нәресте табылуына байланысты күдіктіні ұстады. Күдікті 29 жастағы әйел болып шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Orda.kz жазуынша, бұған дейін елорданың бір ауданындағы тұрғындар әлеуметтік желіде дабыл қаққан еді. Олардың айтуынша, тұрғын үйлердің маңындағы кәріз жүйесінен шала туған қыз баланың денесі табылған.

Тұрғындар бұл қылмысқа жақын маңдағы қонақүйге келушілердің қатысы болуы мүмкін екенін айтқан. Жергілікті халық бірнеше жылдан бері аталған нысандағы тұрақты шу, төбелес және есірткі ордасы болуы мүмкін деген күдікке байланысты шағымданып келген.

Астана қаласының Полиция департаменті күдіктінің анықталып, ұсталғанын мәлімдеді.

"Аталған дерек бойынша 29 жастағы әйел ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.

кәріз құбыр Ақпарат Әйел
Кеше, 12:30 Қазақстан жаңалықтары
14 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
14 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар