Каспий құбыр консорциумының маңында екі танкерге дрон шабуыл жасады
30 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 03:48-де Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалында мұнай тиеп жатқан «NIFFOS SIFNOS» танкеріне ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) шабуыл жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметі мәлім етті.
Шабуыл салдарынан танкердің жүк палубасындағы мұнай қабылдауға арналған манифольдтар аймағында өрт шыққан. Өрт КҚК-ның үш қосымша кемесінің қатысуымен танкер экипажының күшімен сөндірілді. Сонымен қатар, КҚК теңіз терминалынан 6 теңіз милі қашықтықта, аумақтық суларда мұнай тиеуге келе жатқан «MARATHI» танкері де дрон шабуылына ұшыраған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: