Каспий жағалауынан тағы да итбалықтардың өлексесі табылды
Ақтауда Каспий теңізінің жағалауынан тағы да қырылған итбалықтар табылған. Экологтар су сынамаларын зерттеу үшін шара қабылдаған. Өлексенің саны әлі нақтыланып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
Аталған оқиға туралы Маңғыстау облыстық Экология департаменті хабарлады. Қырылған итбалықтардың өлексесі 24 мамыр күні 1Б шағынауданы маңындағы «Шағала» демалыс аймағы аумағындағы жағалау сызығынан табылған.
Өлекселердің нақты саны әзірге жария етілмеді.
Айта кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 19 мамырда Каспий теңізінің жағалауынан табылған өлі итбалықтар туралы ақпаратқа түсінік берген болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: