Келесі жылы Алматы көшелері 100 пайыз жарықпен қамтылады
Алматыдағы сыртқы жарықтандыру үлесі 2024 жылы 85 пайызға жетіп, 2025 жылы 100 пайыз жарықпен қамтылады. «Әр аудан бойынша жарықтандырылмаған көше кездеседі. Бізде сол көшелерді жарықтандыруға арналған бағдарлама бар. Бостандық ауданында мұндай 54 көше бар. Бұл мәселе «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы немесе тікелей қаржыландыру арқылы шешіледі. Сонымен қатар «Алматы қала жарық» қызметінің тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды. Тұрғындардың өтініші ескерілді. Көшелер мен аулаларды жарықтандыруға бөлінген қаражат аудандарға бөлінді. 2025 жылы мегаполис көшелері 100 пайыз жарықпен қамтылады», - деді қала әкімі, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Ерболат Досаевтың айтуынша, сыртқы жарықтандыру мәселесімен қоса, саябақтарды жарықтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды сәулеттік жарықтандыру жайы да шешіліп келеді.
Бостандық ауданында биыл жыл басынан бері 1 846 шам ауыстырылған. Биыл күзде тағы 267 тірек пен шам ауыстырылды. Осы күзде шамдары бар тағы 267 тірек орнатылады. Сонымен қатар 2024 жылдың соңына дейін 9 ескерткішке түнгі жарықтандыру орнату жоспарланған.
Осыған дейін шаһар басшысы Алматыда «Damubala» бағдарламасына FaceID жүйесі енгізілгені туралы айтқан болатын.