Кибералаяқтардан зардап шеккендерге 5,9 млрд теңге қайтарылды
Соңғы үш жылда еліміздегі интернет-алаяқтықтың саны 40%-ға азайды. 2025 жылы 27 892 факті тіркеліп, зардап шеккендерге 5 млрд теңге қайтарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
2026 жылдың басынан бері 14 414 интернет-алаяқтық тіркелді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға аз. Зардап шеккендерге 5,9 млрд теңге өтелді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Бұл ретте үш жыл ішінде мұндай қылмыстардың ашылуы 29,9%-ға өсті:
2024 жылы – 4 409 дерек анықталды, 1 564 адам (оның ішінде қылмыстық топтардың ұйымдастырушылары мен қатысушылары) қылмыстық жауапкершілікке тартылды;
2025 жыл – 6 016 қылмыс ашылды, 1 750 адам жауапқа тартылды;
2026 жылдың 8 айы – 3 977 интернет-алаяқтық ашылды, 1 128 адам жауапкершілікке тартылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: