Көкшетауда ер адам 14 жастағы қызды зорлаған

Көкшетауда кәмелет жасына толмаған қызды зорлаған ер адамның үсиінен қылмыстық іс қозғалды, сондай-ақ күдікті ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 122-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды және ұсталды. Тергеу іс - шараларының кешені жүргізілуде, оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыс ПД мәліметтері бойынша тергеу басшылықтың ерекше бақылауында.

Бұған дейін желіде Көкшетауда полиция 14 жасар қызға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық фактісін зерттеп жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Іс бойынша күдіктіде бұрын Қазақстан азаматтығы болған. Ал қазіргі уақытта басқа елдің азаматы екен. Ол Ақмола облысына туыстарына қонаққа келген.

Көкшетау Қылмыс өңір

Тақырыпқа жаңалықтар