Көлеңкелі экономикамен күрес бағытындағы жетістіктер
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің 2023 жылы заңсыз кірістермен және көлеңкелі экономикамен күресте қандай жетістіктерге жеткенін мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media
Агенттіктің мәліметтеріне қарағанда, өткен жылы Мемлекет басшысы ТМД елдерінің қылмыстық кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалаудың Халықаралық орталығын құру туралы келісімге және «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңға қол қойды.
Қазақстан FATF (Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы) стандарттарына сәйкестігін өзара бағалау рәсімінен сәтті өтті.
Базель басқару институтының жыл сайынғы «Basel AML Index» рейтингінде (кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ең беделді дереккөз) біздің еліміз 2012 жылдан бастап ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізе отырып, өз позициясын бірден 27 пунктке жақсартты.
«Біз 41 елден (АҚШ, Канада, Австралия, Жапония және т.б.) тұратын Азия-Тынық мұхиты ақшаны жылыстатуға қарсы күрес тобында (ФАТФ типі бойынша аймақтық топ) бақылаушы мәртебесін алдық. Көлеңкелі экономика деңгейін ЖІӨ-ге 18,78% - ға дейін (болжамды мәні 19,75% болған кезде) төмендету қамтамасыз етілді»,-делінген хабарламада.
Бүгінгі күні қол жеткізген жетістіктер:
36 қаржы пирамидасын жойылды, зардап шеккендерге 4,6 млрд теңге қайтарылды, олардың қызметін жарнамалайтын 7,7 мыңнан астам сайттар мен аккаунттарды бұғатталды;
есірткі сатушылардың қаржылық операцияларын бұғаттау тәжірибесі жолға қойылып, есірткі табыстарын жылыстату үшін пайдаланылған 924 банктік шот жабылды;
ЕДБ және қаржы реттеушілерімен бірлесіп 21 жасқа толмаған адамдардың букмекерлік кеңселердің атына ақша аудару және сол арқылы олардың құмар ойындарға қатысуына тосқауыл қою мүмкіндігі алынып тасталды;
4,2 мың онлайн-казино сайтына кіру мүмкіндігі жойылды;
жеткізу тізбегінен 38 өнімсіз делдалды алып тастау және 14 облыста әлеуметтік себеттен 14 тауардың бағасын төмендетуге мүмкіндік туды;
77 млрд теңгеге күдікті операцияларды тосқауыл қойылды;
қылмыстық қолма-қол ақшамен айналысатын 27 көлеңкелі алаңның қызметін тоқтатылып, 6 ҰҚТ жойылды;
14,4 млрд теңгеге бюджет қаражатының негізсіз шығыстарының алды алынды;
жәбірленушілерге 85 млрд теңгеге залал өтеліп, мемлекетке 187 млрд теңгеге активтер қайтарылды, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мен Риддер ЖЭО мемлекет меншігіне қайтарылды.
«AML ACADEMY» Академиясы құрылды, оның қызметі қаржылық мониторинг бойынша мамандарды оқытуға, зерттеуге және сертификаттауға бағытталған.
Әлеуметтанулық сауалнамаларға сәйкес Агенттікке деген сенім деңгейі 20% - ға өсті.
«Қаржылық мониторинг агенттігі елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайту және қаржылық қылмыстардың алдын алуға бағытталған жұмысын жалғастыратын болады»,-делінген хабарламада.