Қазақстан жаңалықтары31 желтоқсан 2023, 11:00

Көлік министрі әуежайда кешіккен ұшақ жолаушыларымен кездесті

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев кешіккен рейстердің жолаушыларымен кездесу үшін Астанадағы халықаралық әуежайына барды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Толыққанды ақпарат әзірге белгісіз, бірақ желіде тараған видеолардан министрдің адамдарға өз құқы туралы айтып жатқанын байқауға болады.

Еске сала кетсек, Астанадағы халықаралық әуежайда шамамен 2500 адам рейсі кешіккендіктен қалып қойды.

Жоспарланған 30 рейстің 21-і кешігіп, 8-і кейінге қалдырылды. Жағдайдың ушығуына ауа-райының қолайсыздығы себеп болып отыр.

Марат Қарабаев Астана Әуежай жолаушылар
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар