Конституциялық комиссия 77 бапқа түзету енгізді

77 бапқа түзету енгізілді, бұл – Конституция мәтінінің 84%-ы, деп хабарлайды Arbat.Media.

Конституциялық реформа аясында ұсынылып жатқан түзетулер Конституция мәтінінің 84 пайызын қамтиды. Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмаханов сәрсенбі күні конституциялық комиссияның отырысында осылай деп мәлімдеді.

“Ұсынылып отырған жаңартылған Конституция жобасында преамбула, 11 бөлім мен 104 бап бар. Екі жаңа бөлім қосылды –“Халық кеңесі” және “Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу”.Тағы төрт бөлімнің аты өзгертілді. Тұтастай алғанда өзгертулер мен толықтырулар Ата заңымыздың барлық бөлімін қамтыды, 77 бапқа түзету енгізіледі, бұл Конституцияның 84 пайызы” деді ол.

Оның сөзінше, құжатта “азаматтар мен саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың ұсыныстары” ескерілген.

Конституция бап түзету ата заң

Тақырыпқа жаңалықтар