Қазақстан жаңалықтары31 мамыр 2025, 16:25

Көрінбей кеткен Кәмшат Жолдыбаева жақсы жаңалығын бөлісті

Тұрмысқа шыққан соң әлеуметтік желіде де, сахнадан да көрінбей кеткен танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева ұзақ уақыттан кейін алғаш рет парақшасында жаңалығын бөлісіп, жазба жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеме жасап.

Ол әлеуметтік желіде оқырмандарына сағынышын білдіріп, жақында жаңа жоба ұсынатынын мәлімдеді.

Кәмшат Жолдыбаева Instagram-дағы жаңа жазбасында жанкүйерлерімен тілдесіп, желіге сирек шығатындарға қызығатынын жазды.

«Қайырлы кеш! Инстаграмдағы көптен бергі бір көрінуім әдемі болсын деп, үстіме көйлек киіп жүріп өттім… Инстаграмға аз шығатындарға қызығамын. Нағыз өмір экранның бер жағында ғой. Дегенмен сіздермен хәл алысып тұрған да жақсы. Жақында сіздерге бір өнім ұсынбақпын, Аллаһ қаласа. Қандай өнім екенін жазыңыздар. Сіздерді өте сағындым!»– деді әнші.

Кәмшат Жолдыбаева өмір жаңалық

Тақырыпқа жаңалықтар