Лондон олимпиадасының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров облыс әкіміне кеңесші болады
2012 жылы XXX Лондон олимпиадасында еркін күрестен қола медальға қол жеткізген спортшы Ақжүрек Таңатаров жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімінің спортты дамыту жөніндегі кеңесшісі (штаттан тыс) болып тағайындалды», делінген хабарламада.
Ақжүрек Таңатаров 1986 жылы Жамбыл облысы Құлан ауданында дүниеге келген. 10 жасынан бастап еркін күреспен айналысқан. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен еліміздің 4 дүркін чемпионы. 66 келі салмақ дәрежесінде Лондон олимпиадасынының қола медаль иегері.
Кейінгі жылдары Ақжүрек Таңатаров туған жерінде жас өрендерді спортқа баулып, шыңдауға күш салып жүр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: