Маңғыстауда домбырашылар ансамблі халықаралық фестивальдің бас жүлдесін иеленді
Бейнеу ауданы Сарға ауылындағы орта мектептің «Домбыра-Дастан» домбырашылар ансамблі Алматы қаласында өткен «Жаз дәурен» халықаралық фестивалінің бас жүлдесін (Гран при) жеңіп алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Домбырашылар ансамблі бұған дейін Ақтау қаласында бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған «Маңғыстау таланттары» облыстық байқауында жүлделі 1-орын иеленіп, республикалық додаға жолдама алған болатын. Өнерпаздар енді Астана қаласында өтетін суперфиналда бақ сынайды.
Ансамбль құрамында Сұлтан Ақмәрмәр, Кәрім Бағлан, Қараман Айдос, Сұлтан Арыстан, Сәуірғали Жанкелді және Сұлтан Қырымбек өнер көрсетті. Ал, өнерпаздарға Гүлбану Аманбаева жетекшілік етті.
Фото: қоғамдық коммуникация орталығы
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: