Маңғыстауда жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапкершілікке тартылды
Атырау облысындағы төтенше жағдайға байланысты жалған ақпарат таратқан жаңаөзендік жауапкершілікке тартылды. Еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан өте күрделі жағдай орын алуда. Осыған орай «Жаңаөзенде жол жабылды» деп алаңдаушылық сипатта жалған ақпаратты әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, Жаңаөзен полицейлері күдіктіні бірден анықтады. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456 бабының 3 бөлігіне сай әкімшілік жауапкершілікке тартып отыр.
«Қандай да бір жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК 274 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», — дейді Жаңаөзен полициясы.
Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны салдарынан Атырау облысынан Маңғыстауға қазіргі уақытта 16 мыңнан астам адам эвакуацияланды.
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы