Мажарстанда қазақ музыкасы шырқалды
Будапеште Дина Нұрпейісова атындағы қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің концерті өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Тәуелсіздік күніне орайластырылған ансамбльдің өнерін Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі ұйымдастырды, деп жазады Kazinform.
Мажарстан музыка үйінің жаңа концерт залының сахнасында қазақ және әлем классиктерінің ұлы тұлғалары — Дина Нұрпейісова, Құрманғазы, Жаяу Мұса, Ахмет Жұбанов, Нұрғиса Тілендиев, Евгений Брусиловский, сондай-ақ Иоган Штраустың шығармалары орындалды.
Концерттік бағдарламада көрермендер қазақ халық аспаптарының дыбысын тыңдап, бай шығармашылық репертуарды бағалады.
Оркестрдің дыбысы үлкен динамикамен ерекшеленді, көрермендерді «Балбырауын», «Қорқыт» композициялары ерекше қызықтырды.
Сонымен қатар оркестр әйгілі «Адай» күйін орындады.
Иоганнес Брамстың «Мажар билері № 5» композициясы көрермен үшін тосынсый болды.
Көпшілік әртістердің киімінің әдемілігіне, олардың эмоциясына және жігеріне таң қалды.
Ансамбльдің бір жарым сағатқа созылған өнері ешкімді бейжай қалдырмады.
Көрермендер әр қойылымды жылы қабылдады.
Кәсіби орындау, ұлттық костюмдер, ойластырылған бағдарлама көпшілікке ұнады, мажар халқы әртістерге әртістерге ду қол шапалақпен алғысын жеткізді.