Мәжіліс депутаты: "Инфосығандармен" күресетін заң керек
ФОТО: .istockphoto.com
.istockphoto.com
Қазақстан жаңалықтары17 қазан 2024, 16:00

Мәжіліс депутаты: "Инфосығандармен" күресетін заң керек

"Инфосығандармен" күресетін заң керек. Мәжіліс депутаты Амантай Жарқынбек осындай бастама көтерді. Себебі бизнес немесе отбасы мәселері бойынша «коучпын» дегендердің қызметін сатып аламын деп қарызға батып, отбасы ойран болып жатқандар көп дейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Депутат әлеуметтік желілерде «түпсанаңды өзгертемін», «жылдам баюды үйретемін» деп жарнама жасайтындардың қызметін тексеруді ұсынды, деп жазады КТК телеарнасы.

Әрі олардың қызметін реттейтін заң жобасын дереу әзірлеу қажет дейді. Өйткені кеше әнші, бүгін психолог мотиватор боп отырғандардың тіпті жоғары білім де жоқ екен.

Амантай Жарқынбек еліміздегі осындай инфобизнестің жылдық айналымы 500 миллион АҚШ долларын құрайтыны туралы мәлімет бар екенін айтты және одан әлеуметтік желіде курс сатқыштар көк тиын салық төлеп отырған жоқ дейді.

Амантай Жарқынбек, Мәжіліс депутаты:

— Әлеуметтік желілерде «бақытқа жету долын көрсетем», «жылдам баюды үйретемін», «күйзелістен құтқарам», «түпсанаңды түзетемін», «бір айда жұлдызға айналдырамын», «тез арықтатамын», «шет тілінде сайратып жіберемін» деген секілді сан түрлі курс, вебинар, тренинг сатушылар, блогер, бизнес трейнинг, коуч, психолог, мативаторлардың жарнамасы желдей есіп, сауданың көрігін қыздыруда. Ал олардың көпке ұсынып отырған сабақтары біздің ұлттық құндылықтарымызға мемлекеттің неке және отбасы туралы заңына қаншалықты сай екендігін тексеріп, талдап жатқан ешкім жоқ.

Мәжіліс депутаты Амантай Жарқынбек инфосығандармен күрес Заң

Тақырыпқа жаңалықтар