Медицина қызметкерлеріне «Кәсібі бойынша үздік» атағы берілмек
Медицина қызметкерлеріне «Кәсібі бойынша үздік» атағы берілмек. Денсаулық сақтау министрлігінің аталған атақты беруге қатысты ереже жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Атақ денсаулық сақтау саласындағы үздік жетістіктері үшін медицина қызметкерлеріне оларды ынталандыру және қолдау мақсатында беріледі. Медицина қызметкерлері атақты келесі номинациялар бойынша алады:
- «Үздік стационар дәрігері»,
- «Үздік алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігері»,
- «Үздік жедел жәрдем дәрігері»,
- «Үздік ауыл дәрігері»,
- «Үздік провизор»,
- «Үздік денсаулық сақтау менеджері»,
- «Үздік медициналық жоғары оқу орны оқытушысы»,
- «Үздік санитарлық-эпидемиологиялық бейіндегі дәрігер»,
- «Үздік санитарлық-эпидемиологиялық сараптама маманы»,
- «Үздік денсаулық сақтаудағы әлеуметтік қызметкер»,
- «Үздік медицина колледжі оқытушысы»,
- «Үздік денсаулық сақтаудағы ғалым»,
- «Үздік стационар мейіргері»,
- «Үздік алғашқы медициналық-санитарлық көмек мейіргері»,
- «Үздік ауыл мейіргері»,
- «Үздік акушер»,
- «Үздік фельдшер».
Медицина қызметкеріне сол номинациядағы атақ 10 жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.
«Кәсібі бойынша үздік» атағын беру конкурсына құжаттарды тапсыру сәтінде мынадай талаптарға сәйкес келетін қызметкерлер қатыса алады:
1) кемінде 10 жыл практикалық жұмыс өтілі бар дәрігерлер, фельдшерлер, акушерлер, мейіргерлер;
2) кемінде 10 жыл практикалық жұмыс өтілі бар денсаулық сақтаудағы әлеуметтік қызметкерлер;
3) кемінде 7 жыл практикалық жұмыс өтілі бар менеджерлер, провизорлар;
4) практикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі дәрігерлер мен мамандар;
5) педагогикалық/ғылыми жұмыс өтілі кемінде 7 жыл медициналық жоғары оқу орындарының, ҒЗИ, ҒО және колледждердің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері.
Ереже тәртібімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.