Мобильді аударымдар бойынша дерек салық органдарына жолданады
Банктер сәуір айынан бастап мобильді аударымдар бойынша деректі салық органдарына жолдай бастайды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Үш ай қатарынан 100 немесе одан да көп адамнан жеке шотына мобильді аударым қабылдаған жеке тұлғалар бақылауға алынады.
Ал шағын және орта бизнес өкілдері 1 наурызға дейін өздеріне сәйкес келетін арнаулы салық режимін таңдауы тиіс. Бұл талап орындалмаған жағдайда, олар автоматты түрде жалпыға бірдей салық салу жүйесіне ауыстырылады. Жаңа Салық кодексіне сәйкес, азаматтар 3 түрлі салық режимін таңдай алады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: