Нөмірін балшықпен жасырған жамбылдық жүргізуші жауапқа тартылды

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолында «Жалған нөмір» профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жүргізуші қалааралық жолаушы тасымалдайтын көлігінің алдыңғы және артқы нөмірін қағазбен жауып, әдейі жасырған. Ал тағы бір көліктің жүргізушісі балшық жабыстырып, жасырып қойған.

Сот шешімімен олар бір жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 3 және 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Жалпы іс-шара барысында 832 құқық бұзушылық тіркелді.

БҚО батыс жүргізуші Көлік

Тақырыпқа жаңалықтар