“Ойыншылардың тамағы”: “Ақтөбе” футбол клубында басшылық 250 млн теңге жымқырды
«Ақтөбе» футбол клубында ақша жымқыру дерегі анықталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Облыс прокуратурасы Бас прокуратураның тапсырмасымен Ақтөбе футбол клубын тексерді. Нәтижесінде 250 млн теңге қаражаттың жымқырылғанын анықталы.
Басшылық ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау қызметтерінің қаражатын, ойыншылардың тамақтануына бөлінген қаражатты иемденген.
«Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - деп хабарлады Бас прокуратура.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: