Оқу жылы басталғалы бері 106 жаңа мектеп ашылған
Өңірлерде есігін айқара ашқан 106 жаңа мектеп 150 мың оқушыға арналған. Оның ішінде 90 мыңға жуық оқушы 33 жайлы мектепте білім алып жатыр. Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін заманауи форматтағы 217 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. 18 мектеп сыбайлас жемқорлықтан түскен қаражат есебінен білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының желісі бойынша ашылған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Egemen.kz жазады.
Қалған 55 мектеп республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, сондай-ақ инвестициялар тарту есебінен ашылады. Аталған бағыт бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: