Оқушы өлімі: Ақтөбеде мектеп директоры жұмыстан шығарылды
Фото: pexels.com
pexels.com
Қазақстан жаңалықтары5 қыркүйек 2024, 9:00

Оқушы өлімі: Ақтөбеде мектеп директоры жұмыстан шығарылды

Қопа ауылындағы оқушы өлімінен соң мектеп директоры қызметінен босатылды. Ал кәмелетке толмаған екі күдікті екі айға қамалды. ҚР Бас прокурорының тапсырмасынан соң Ақтөбе облысы Темір ауданы Қопа ауылындағы қылмыстық оқиғаны тергеу жұмысын облыс прокуроры Х.Дәуешов жеке бақылауына алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«ҚР Қылмыстық процестік кодекстің 128-бабының тәртібімен кәмелетке толмаған 2 күдікті ұсталды. Темір аудандық соты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Оқиға бойынша тергеп-тексеруді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жүргізіп жатыр. Қадағалауды жүзеге асыру тәжірибелі процессуалдық прокурорлар тобына жүктелді. Облыстық прокуратура жергілікті атқарушы органның атына Темір ауданы әкімінің, облыстық Білім басқармасы және аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін шешу жөнінде ұсыныс енгізді. Бүгінгі күні қадағалау актісімен Қопа ауылындағы мектептің директоры Р.Е.Қаржауов қызметінен босатылды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне қатысты жарияланбайды», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ақтөбе Мектеп директоры Оқушы өлімі Қызмет

Тақырыпқа жаңалықтар