Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды
Орал қаласында көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Орал қаласы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, қала басшысы Миржан Сатқановтың жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешімі шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Шешімге сәйкес Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысына зардап шеккен нысандарды тексеру жүктелді.
Бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысы Қоржын ауылында үйлер су астында қалған.
Орал қаласы әкіміне қатаң сөгіс жарияланған болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: