Өскемендегі қолайсыз метеорологиялық жағдай қараша айының соңына дейін созылады
Өскемен қаласында ауа сапасының бұзылуына себеп болып тұрған қолайсыз метеорологиялық жағдай қараша айының соңына дейін созылады. ШҚО экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалада ертең де қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Сондықтан халыққа әлі де далаға көп шықпауға кеңес берілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Өскеменде 20 қарашадан бері қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан. Осыған байланысты ауа тұманданып тұр. ҚМЖ қараша айының соңына дейін созылады», - дейді департамент басшысының міндетін атқарушы Азамат Тәуірбеков, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Айта кетейік, 29 қарашада шаһар мектептеріндегі бірінші және екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары онлайн форматқа ауыстырылған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: