"Отбасылық жанжал”: Экс-полицей әйелін жантүршігерлік жағдайда өлтіріп кетті
Алматыда экс-полицей бірге тұратын әйелін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arbat.media.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам отбасылық жанжал кезінде бірге тұратын әйелін пышақтаған. Әйел оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Алматы қаласының полициясы.
Осыдан кейін күдікті өз-өзіне қол салмақ болған. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Онда күдікті күзетпен жатыр.
Күдікті бұған дейін Алматы облысында полиция департаментінде қызмет атқарған, теріс себептермен жұмыстан шығып кеткен.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: