Өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар көбейген
Қазір өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстыратын телефон алаяқтары көбейіп кетті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлап, халықты сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қаскүнемдер ақшаны заңсыз иеленбек ниетте қаржылық операцияларды жүргізуге азаматтардан көмек сұрайды.
«ҰҚК қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау шеңберінде азаматтарға кредит ресімдеуді, ақша қаражатын аударуды және өзге де қаржы операцияларын жасауды ұсынуға өкілеттігі жоқ», делінген хабарламада.
Күдікті телефон қоңыраулары мен хабарламалар келіп түскен кезде бірден полиция органдарына жүгіну керек.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: