Пайдаланылмаған 2 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Пайдаланылмаған 2 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025 жылға арналған мақсатына сай пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі жоспарды мерзімінен бұрын орындады.
Жұмыс республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде жүйелі жүргізілді. Бақылау мақсатында Жерді қайта бөлу жөніндегі республикалық комиссия және облыстық ведомствоаралық жұмыс топтары құрылды.
Тексерулер 2,2 млн гектар жерді қамтыды. Оның ішінде 1,8 млн гектар бойынша 1 286 ұйғарым берілсе, 281,4 мың гектарға қатысты сот процестері жалғасуда. Ал бұрын пайдаланылмаған 464,7 мың гектар жерді жер пайдаланушылар өз бетімен игере бастады. Қайтарылған жерлердің 704,7 мың гектары халық игілігіне берілді. Оның 176,6 мың гектары – қоғамдық жайылымдар, 528,1 мың гектары – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне конкурс арқылы бөлінді.